Орта-Азиялық медициналық колледжінде студенттерге академиялық демалыс беру қағидаларын бекіту Ережесі

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шымкент қаласы білім басқармасы

Орта-Азиялық медициналық колледжі

                                                                                          Бекітемін

                                                                                         колледж директоры

                                                                                         __________ С.М. Пайзиев 

 

Орта-Азиялық медициналық колледжінде студенттерге академиялық демалыс беру қағидаларын бекіту ережесі

 

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10475 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларыбекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министр А. Сәрінжіпов

 

 

 

     "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________Т. Дүйсенова
2015 ж. 23 ақпан

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 506 бұйрығымен бекітілген

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018    № 605 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 Жалпы ережелер

  1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін айқындайды.

 Орта-Азиялық медициналық колледжінде білім алушыларға академиялық демалыстар(ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018    № 605 бұйрығын негізінде) беру тәртібі:

  1. Білім алушыларға академиялық демалыс:

      1) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының 035-1/У нысанына сәйкес ауруы бойынша ұзақтығы 6-дан 12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (бұдан әрі - ДКК) қорытындылары;

      2) № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық IV санатындағы ТБ 01/У нысанына сәйкес ұзақтығы 36 айдан аспайтын мерзімде туберкулезбен ауырған жағдайда Туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (бұдан әрі - ОДКК) шешімі;

      3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен (бұдан әрі - № 28 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес әскери қызметке шақырылған жағдайда әскери қызметке шақырту қағазы;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы" бұйрығының (бұдан әрі - № 9 бұйрық) 8 және 12-қосымшаларына сәйкес нысандары бойынша (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 тіркелген) үш жасқа толғанға дейінгі асырап алынған ұл немесе қыз баланың туу туралы құжаттары (куәлік) негізінде беріледі.

  1. Білім алушы академиялық демалысты ресімдеу үшін білім беру ұйымы басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтінішті, жеке басын куәландыратын құжатты және осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген негіздемелерге байланысты тиісті құжаттарды ұсынады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде білім беру ұйымының қызметкері көшірмелердің түпнұсқалығын құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып тексереді және түпнұсқаларды өтініш берушіге қайтарады.

      Білім беру ұйымының қызметкері құжаттардың дұрыс еместігі, олардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған, осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  1. Ұсынылған құжаттардың негізінде оң шешім қабылданған жағдайда білім беру ұйымының басшысы екі жұмыс күні ішінде басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.
  2. Білім беру ұйымының басшысы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне немесе тиісті салалық министрлікке, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін жібереді.
  3. Білім алушы академиялық демалыстан шыққаннан кейін осы Қағиданың 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша білім беру ұйымы басшысының атына өтініш, жеке басын куәландыратын және осы мамандық бойынша оқуды жалғастыру мүмкіндігін растайтын (№ 907 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасы, № 28 бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әскери билетті, "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің акт кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) 8 және 12-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша баланың туу, бала асырап алу туралы куәлік) құжаттарды ұсынады. Құжаттарды қабылдау кезінде білім беру ұйымының қызметкері көшірмелерді құжаттардың түпнұсқаларға сәйкестігін тексереді және түпнұсқаларды өтініш иесіне қайтарады.
  4. Ұсынылған құжаттардың негізінде білім беру ұйымының басшысы құжаттар тапсырылғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.
  5. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы академиялық демалыстан келген кезде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы аталған бұйрықтың көшірмесін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне немесе тиісті салалық министрлікке, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.
  6. Білім беру ұйымының басшысы бұйрық шыққаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жұмыс жоспарларындағы пәндердің (модульдердің) айырмашылығын, оқу курсын анықтайды және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен не офис регистратормен (білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісін есептеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет) келісе отырып, білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.

      Академиялық демалыстан келген соң білім алушы оқуын аталған демалысты ресімдеген курстан (және академиялық кезеңнен) бастап жалғастырады.

  1. Егер білім алушының академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, онда білім беру ұйымдарындағы білім алушы ағымдағы оқу сабақтарымен қатар, жеке кесте бойынша оқу тапсырмаларын орындайды, білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарында көзделген ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, аралық аттестаттауға рұқсат алады.
  2. Білім алушы айырмашылықтарды жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық кезеңде барлық сабақ түрлеріне қатысады, белгілі бір модульдің оқу тапсырмаларын орындайды (модульдік оқыту кезінде), аталған пәндер (модульдер) бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған ағымдағы және кезеңдік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарында білім алушыларға
академиялық демалыстар беру
қағидаларына 1-қосымша
____________________________
/білім беру ұйымы
басшысының толық Т.А.Ә.
болған жағдайда)/
____________________________
/білім алушының толық Т.А.Ә.
(болған жағдайда) /
____________________________
/білім алушының байланыс
мәліметтері/
____________________________
____________________________
мамандығы
/мамандақтың атауы/
____________________________

Өтініш

      Сізден__________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      /себебін көрсету қажет/

      байланысты академиялық демалыс беруіңізді сұраймын

                                          "______" __________ 20 ___ жыл                                        _________________

                                              /қолы/

 

 

 

 

 

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 124 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5192 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 386 бұйрығымен

      Ескерту Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.08.17 № 386 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  5-бабының 17) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі бекітілсін.
  2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

  1. "Білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысанында білім алушыларға академиялық демалыс берудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы  N 906 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3258) тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министр                                        Ж. Түймебаев

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрдің
      міндетін атқарушы
      _____________Қ. Омаров
      2008 ж. 27 наурыз

 

 

 

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің 
2008 жылғы 18 наурыздағы  
N 124 бұйрығымен     
бекітілген        

  Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережелері

1. Жалпы талаптар

  1. Осы Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген.
  2. Академиялық демалыс - білім алушылардың (оқушылардың, тыңдаушылардың, студенттердің, курсанттардың, интерндердің, адьюнктердің, резиденттердің, магистранттар мен докторанттардың) денсаулығына байланысты, оның ішінде жүктілігі және бала тууына байланысты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақырылғандар өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.
  3. Білім беру ұйымы білім алушының академиялық демалысты рәсімдеуге берген өтінішін алдын-ала білім алушылардың аралық аттестаттауы басталуына дейін қарайды.
  4. Академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру (дәрігерлік-консультациялық комиссияның негізінде академиялық демалыстағы білім беру гранттарының иегерлеріне белгіленген тәртіппен стипендиялар төлеу үшін қарастырылатын шығыстарды қаржыландырудан басқа) берілген академиялық демалыс кезеңі бойында тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.
  5. Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс беру кезінде академиялық демалыс кезеңі бойында оқуына төлемақы төлеу тоқтатылады. 
  6. Академиялық демалыстар беру тәртібі мен мерзімдері
  7. Академиялық демалыс білім алушыға дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының (бұдан әрі қарай - ДКК) қорытындысы анықтамасы негізінде 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімде, ерекше, апатты жағдайларда 2 жылға дейін ғана беріледі.
  8. Дәрігерлердің медициналық көрсеткіштері бойынша академиялық демалыс беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығаруы үшін білім алушы білім беру ұйымына қызмет көрсететін емдеу-профилактикалық ұйымға өзі бақылауға алынған медициналық мекемеден алған сырқат тарихынан жан-жақты баяндалған көшірмесін тапсырады.
  9. ДКК сырқаттанушыға және жүктіге академиялық демалыс беру туралы немесе денсаулық жағдайы бойынша басқа факультетке (мамандыққа) ауыстыру туралы қорытынды шығарады.
          Сонымен қатар, академиялық демалыс бала күтіміне байланысты үш жылға дейін беріледі.
          Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139Бұйрығымен.
  10. Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына өтініш беріп, ДКК Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақыруын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақырылуы жөніндегі анықтамасымен ұсынады.
  11. Мәселе оң шешілген жағдайда білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.
          Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139Бұйрығымен.
  12. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін білім саласындағы өкілетті органға үш жұмыс күнінің ішінде, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім беру саласындағы жергілікті атқару органдарына жолдайды.
          Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139Бұйрығымен.
  13. Бактериалы сары су туберкулезбен ауырған білім алушыларға академиялық демалыс емдеу нәтижесіне байланысты дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысы бойынша 1 жылдан 2 жылдық мерзімге дейін беріледі.
          Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139Бұйрығымен.
  14. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын академиялық демалыстан оралған білім алушы кезекті академиялық кеңесінің басталуына дейін, білім беру ұйымының басшысы атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беріп, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтама (ДКК) ұсынады. Осы негізде білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.
          Бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімін түзету үшін, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы үш жұмыс күнінің ішінде білім саласындағы өкілетті органға, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы білім саласындағы жергілікті атқару органдарына бұл бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
          Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139Бұйрығымен.
  15. Ақылы негізде білім алушы білім беру ұйымының басшысы атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беру, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы (ДКК) анықтама ұсынады. Осы негізде білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.
          Егер академиялық демалыстан шығу немесе академиялық демалысқа кету уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте бойынша рейтингке рұқсат алу үшін барлық оқу тапсырмаларын орындап, қажетті балдарды жинауы тиіс немесе пайда болған айырмашылықтар бойынша пәндерге жазғы семестрде жазылуы қажет.
          Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139Бұйрығымен.
  16. Академиялық демалыстан оралған білім алушы жұмыс оқу жоспарларында пәндер айырмашылығы болған жағдайда, ол айырмашылықтарды жоюға тиіс.
  17. Оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығын жою үшін ағымдағы оқу сабақтарымен ұстаз білім алушы осы пәндерге жазылып академиялық кезең ішінде барлық сабақ түрлеріне қатысады, оқу жоспарында қарастырылған ағымдық бақылауларды тапсырып аралық аттестаттауға рұқсат алады.
  18. Академиялық демалыстан оралған білім алушылардың оқу жоспарларындағы пән айырмашылығы білім алушылардың аралық аттестаттауы кезеңінде немесе жазғы семестрде белгіленген тәртіппен тапсырылады.