Орта-Азиялық медициналық колледжінде білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту Ережесі

           Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 

Шымкент қаласы білім басқармасы

Орта-Азиялық медициналық колледжі 

                                                                                         Бекітемін

                                                                                         колледж директоры

                                                                                         __________ С.М. Пайзиев

 

Орта-Азиялық медициналық колледжінде білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту Ережесі

 

  

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 қыркүйекте № 19401 болып тіркелді.

 

      БҰЙЫРАМЫН:

  1. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) біліктілік емтиханы – теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткілікті екендігін объективті айқындауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін беруге мүмкіндік беретін рәсім;

      2) біліктілік комиссиясы – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульді игеру қорытындылары бойынша жұмысшы біліктілігін беру рәсімін өткізу үшін құрылатын алқалы орган;

      3) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      4) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      5) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау –оқытушының пәнді және (немесе) модульді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі;

      6) дипломдық жұмыс (жоба) –білікті жұмысшыларды, орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлайтын бағдарламалар бойынша білім алатын студенттердің өзіндік шығармашылық жұмысы;

      7) қорытынды аттестаттау комиссиясы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне қорытынды аттестаттау өткізу үшін құрылатын алқалы орган.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі мен нысанын жұмыс оқу жоспарларына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие процесінің кестесіне енгізіледі.

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.

      Білім алушыларға жұмысшы біліктілігін беруге арналған аралық аттестаттау өткізу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен біліктілік комиссиясы құрылады.

      Жұмысшы біліктілігін беру туралы куәлік беру туралы шешім осы біліктілік бойынша жұмыс түрлерін орындау жөніндегі біліктілік емтиханы негізінде қабылданады.";

      1717-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Емтихан тапсыру, сондай-ақ курстық жобаларды қорғау кезіндегі білім алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады: (5 - "өте жақсы", 4 - "жақсы", 3 - "қанағаттанарлық", 2 - "қанағаттанарлықсыз") пайыздық қатынаста тестілеуді бағалау өлшемдерімен.

      17-1. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде білім алушылардың оқудағы жетістіктері 4 балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке балдарды аудару шкаласына сәйкес әлемдік практикада қабылданған әріптік жүйемен (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, "қанағаттанарлықсыз" - F) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыруға бір пән және (немесе) модуль бойынша бір реттен артық рұқсат етілмейді.

      Емтиханды (сынақты) қайта тапсыруға пәнді жүргізетін оқытушыға, модуль щеңберінде оқытушыларға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат берген жағдайда жіберіледі (немесе сабақ беретін оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің (модульдің) бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады).

      Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша 2-ден аспайтын "3" қанағаттанарлық бағалары бар білім алушылар үшін бөлім меңгерушісінің (директор орынбасарының) жолдамасы бойынша жоғары деңгейге қайта тапсыруға рұқсат етіледі.";

      2324-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қоспағанда жалпы кәсіби және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар тапсыруды немесе арнайы пәндердің және (немесе) модульдердің бірінде қорытынды емтихан тапсыру арқылы диплом жобасын (жұмысын) орындау мен қорғауды қамтиды.

      Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 18577 тіркелген) бекітілген Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен қорытынды аттестаттау комиссиясы құрылады.

      Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы дауыс беру құқығынсыз хатшыны қоса алғанда кәсіпорындардың білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндірістік оқыту шеберлерінен және оқу орнын басқарудың алқалы органдары өкілдерінен, яғни жұмыс берушілер өкілдерінен 65% және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінен 35% арақатынасында құрылады.

      Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамына қосымша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері кіреді.";

      2829-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.

      Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйымдармен келісілген мерзімде жүргізіледі.

  1. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:

      1) мамандық бойынша оқу жұмыс жоспары;

      2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;

      3) білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;

      4) оқу бағдарламасына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен сұрақтар тізбесі;

      5) денсаулық сақтау кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестікпен келісілген медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға арналған тест тапсырмаларының техникалық ерекшеліктері мен клиникалық станциялар тізімі;

      6) күндізгі нысанында оқитын білім алушының денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуға құқығын растайтын құжаттар;

      7) сырттай нысанында оқитын білім алушының денсаулық жағдайына және (немесе) жұмыс орнынан дәлелді құжаттар ұсынылғанына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуға құқығын растайтын құжаттар.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында әрбір біліктілік бойынша қажетті жабдықпен жарақтандырылған өндірістік алаңдар, зертханалар, шеберханалар немесе оқу орталықтары болған жағдайда, біліктілік емтиханы оқу орнының базасында өткізілуі мүмкін.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Оқу пәндері және (немесе) модульдер, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша, оқу жоспарларының тәжірибелері бойынша есептердің сынақтар мен емтихандарының кемінде оқу бағдарламаларының кемінде 75 пайызын "жақсы" бағалармен ал қалғандарын - "жақсы" бағаларымен тапсырған және игерген және дипломдық жұмысты (жобаны) және (немесе) емтихандарды "жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушылар, білім беру ұйымының қорытынды аттестациялық комиссиясының шешімі бойынша үздік диплом беріледі".

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф. Н. Жақыповаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

А. Аймагамбетов

 

 

 

 

 

 

                                                                                                       Қазақстан Республикасы
                                                                                                      Денсаулық сақтау министрінің
                                                                                                      2019 жылғы 23 сәуірдегі
                                                                                                      № ҚР ДСМ-46 бұйрығына
                                                                                                      1 - қосымша

 

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 сәуірде № 18577 болып тіркелді.

 

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 125 - тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрдегі, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 123 және 4-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі

                     Е. Біртанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта-Азиялық медициналық колледжінде медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары.

Жалпы ережелер

  1. Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 125-тармақшасынасәйкес әзірленді және білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау тәртібін айқындайды.
  2. Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарына қолданылады.
  3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау (бұдан әрі - білім мен дағдыларды бағалау) - білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және медициналық қызмет көрсету үшін қажетті құзыреттердің (білім мен дағдыларды) қалыптасу деңгейін бағалау;

      2) білімді бағалау (компьютерлік тестілеу) – білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша теориялық білім деңгейін компьютерлік жолмен анықтау;

      3) білімді бағалау нәтижелерінің хаттамасы – компьютерлік тестілеудің қорытындылары бойынша білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімін бағалаудың жиынтық нәтижесі;

      4) дағдыларды бағалау – білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары оларды көрсету барысында практикалық дағдыларымен меңгеру деңгейін анықтау.

  1. Білім мен дағдыларды бағалауға медициналық білім берудің барлық деңгейінде білім алушылар жатады.
  2. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау оқыту мамандықтары бойынша жүргізіледі және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тиісті мамандық бағдарламалары түлектерінің құзыреттерінің тізбесіне негізделеді.

 Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау тәртібі.

  1. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау екі кезеңнен тұрады:

      1) білімді бағалау (компьютерлік тестілеу);

      2) дағдыларды бағалау.

      Білім мен дағдыларды бағалау білім алушының таңдауы бойынша (қазақ, орыс немесе ағылшын) тілінде жүргізіледі.

  1. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді.
  2. Білім мен дағдыларды бағалау денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мен білім беру ұйымымен келісім бойынша бағалау жөніндегі ұйымның базасында жүргізіледі.
  3. Тест тапсырмаларын, клиникалық тапсырмаларды әзірлеу, сараптау және жаңарту тәртібін бағалау жөніндегі ұйым жүзеге асырады. Тест тапсырмаларының, клиникалық міндеттердің техникалық ерекшеліктері денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлау бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісіледі.
  4. Білімді бағалау (компьютерлік тестілеу) жүз тест тапсырмасынан тұрады. Тестілеудің жалпы уақыты-150 минут (2 сағат 30 минут).

      Өту балы тест сұрақтарының жалпы санынан 50% құрайды.

      Білім алушылардың жауаптары балдық жүйе бойынша бағаланады:

      0 - 49 балл-қанағаттанарлықсыз;

      50 - 69 балл - қанағаттанарлық;

      70 - 89 балл – жақсы;

      90 - 100 балл - өте жақсы.

  1. Білімді бағалауды жүргізу кезінде:

      1) тестілеу өткізілетін ғимаратқа ұялы телефондарды, смартфондарды, электрондық гаджеттерді, оқу әдебиеттері мен жазбаларды алып келуге және пайдалануға;

      2) бағалау жөніндегі ұйым өкілінің рұқсатынсыз тестілеу өткізілетін ғимараттан шығуға, орын ауыстырып отыруға және өзара сөйлесуге жол берілмейді.

  1. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда бағалау жөніндегі ұйымның өкілі емтихан тапсырушыны тестілеу залынан шығарып жібереді, ол туралы акт жасалады.

      Мұндай жағдайда аудиториядан шығарылғанға дейін берген дұрыс жауаптары үшін жинаған балы тестілеу нәтижесі болып табылады.

  1. Білімді бағалау (компьютерлік тестілеу) нәтижелерінің хаттамасы апелляцияны есепке алмағанда, тестілеу өткізілген күні білім және ғылым ұйымдарына ұсынылады.
  2. Білімді бағалауға (компьютерлік тестілеу) келмеген білім алушыларға нәтижелер хаттамасында "қатысқан жоқ" деген белгі қойылады.
  3. Білім бағалаудан (компьютерлік тестілеуден) өтуге келмеген білім алушылар келмеу себептеріне қарамастан, тестілеуден бағалау жөніндегі ұйымның базасында өтеді. Келмеген білім алушылар үшін тестілеуді өткізу мерзімі мен шарттарын бағалау жөніндегі ұйым анықтайды.
  4. Компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, білім алушылар дағдыларды бағалаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
  5. Білім алушылардың дағдыларын бағалау оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес клиникалық құзыреттілікті бағалаудың тиісті әдістерін (объективті құрылымдалған клиникалық емтихан, шағын клиникалық емтихан және басқалар) қолдана отырып жүргізіледі.
  6. Емтихан алушылар дағдыларды бағалауды денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының базасында симуляциялық орталықтардың ресурстарын пайдалана отырып жүзеге асырады.
  7. Білім алушылардың практикалық дағдылары балдық жүйе бойынша бағаланады:

      0 - 49 балл-қанағаттанарлықсыз;

      50 - 69 балл – қанағаттанарлық;

      70 - 89 балл – жақсы;

      90 - 100 балл-өте жақсы.

  1. Дағдыларды бағалау нәтижелері дағдыларды бағалау күні беріледі. Дағдыны бағалаудың қорытынды нәтижелері апелляцияны ескере отырып, апелляциялық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін апелляцияға өтініш берілген күннен бастап 2 күннен кешіктірілмей беріледі.
  2. Білім мен дағдыларды бағалау нәтижесі екі кезеңнің балдарынан жинақталады және орта арифметикалық сан шығарылады және қорытынды нәтиже төмендегідей бағаланады:

      0 - 49 балл-қанағаттанарлықсыз;

      50 - 69 балл – қанағаттанарлық;

      70 - 89 балл – жақсы;

      90-100 балл-өте жақсы.

  1. Білім мен дағдыларды бағалау нәтижелері денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлау бағыты бойынша Оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісілген ерекшеліктерге сәйкес білім және ғылым ұйымдары әр бітірушіге беріледі.

Апелляциялық өтініштерді беру және қарау тәртібі.

  1. Даулы мәселелерді шешу және білім алушылардың құқықтарын қорғау үшін білім мен дағдыларды бағалауды жүргізу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен Республикалық апелляциялық комиссия құрылады.

      Апелляциялық комиссияның құрамы 5 мүшеден кем емес тақ саннан тұрады.

  1. Апелляциялық комиссияның құрамына жоғары білікті ғылыми-педагог қызметкерлер, әдіскерлер, аккредиттелген бағалау ұйымының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
  2. Бағалаудың бір немесе екі кезеңінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда білім алушылар емтиханнан кейін 24 сағат ішінде апелляцияға беруге құқылы.
  3. Апелляциялық комиссия қараған білім мен дағдыларды бағалау нәтижелерінің қорытынды хаттамасы апелляциялық комиссияның отырысынан кейін келесі күні ұсынылады.

 Қорытынды.

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары, орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім, тәжірибеден өту және резидентура бойынша білім мен дағдыларды бағалаудың оң нәтижелері маман сертификатын беру туралы өтініш беруге негіз болып табылады.
  2. Білім мен дағдыларды бағалау денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарының қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі. Қайта тапсырылған және дәлелсіз себептермен келмеген жағдайларда төлем білім алушылардың жеке қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат көзі есебінен жүргізіледі.
  3. Білім мен дағдыларды бағалауды жүргізу бойынша қызмет көрсеткені үшін баға прейскурантын бағалау жөніндегі ұйым бекітеді.