«Орта-Азиялық медициналық колледжі»нің студенттерге арналған ішкі тәртіп ережесі.

                                                                                    

                                                                                                                                    «Бекітемін»

«Орта-Азиялық медициналық

колледж» директоры

Пайзиев С.М.

___________________

 

 

 «Орта-Азиялық медициналық колледжі»нің ішкі тәртіп ережесі.

2019-2020 оқу жылы

Студенттердің құқықтары:

  1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға , өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, ақпарат алу еркіндігіне, өз ойын еркін айтуға;
  2. Мемлекетті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;
  3. Колледждің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, кабинет жетекшісіне, оқытушыларға өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;
  4. Колледж жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, колледж заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;
  5. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы колледж атынан сайыстарға, іс-шараларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;
  6. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға;
  7. Бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында сабақтан тыс үйірмелерге қатысуға;
  8. Егер білім алушы жетім болса -50%, жартылай жетім болса-20 %, бір отбасынан екі студент осы оқу орнында оқыса-20 %, бір отбасынан үш студент осы оқу орнында оқыса-30 %  төлем ақысынан жеңілдік алуға

 Құқығы бар.

Студенттердің міндеттері:

  1. Әр адамның ар-намысын құрметтей отырып, өзін кез-келген жағдайда лайықты ұстауға;
  2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға, топтан және колледжден тыс іс-шараларға қатысуға;
  3. Әрқашан колледж ұжымының игілігіне үлес қосу, колледж намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыруға;
  4. Оқытушылар мен колледждің басқа қызметкерлерін қадір тұту, колледж директорының, оқытушылардың, педагогикалық ұжымның нұсқаулары мен бұйрықтарына, сондай-ақ, топ жетекшісінің нұсқаулары мен қарарларына бағынуға;
  5. Мінез-құлық ережелерін сақтауға:
  • Үлкендерге құрмет, кішіге ізет танытуға;
  • Басқа адамның ар-намысын қадірлеуге;
  • Құқықбұзушылыққа жол бермеуге;
  • Өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы уайымдауға,
  • Темекі тартпауға, ішімдік ішпеуге, нашақорлықпен айналыспауға;
  • Әр уақытта таза және ұқыпты болып жүруге;
  1. Колледж ғимараты мен оның аумағында үнемі тазалықты сақтауға;
  2. Оқытушы мен ата-аналардыңң заңды талаптарын орындауға;
  3. Сабақтан себепсіз қалмауға; себепті қалған сәтте дер кезінде анықтама немесе қолхат тапсыруға;
  4. Сабаққа кешікпей келуге;
  5. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінде көрсетілгендей түнгі уақыт 22.00 ден таңғы 6.00 ге дейін ойын-сауық мекемелерінде , көшеде ата-ананың немесе қамқоршының қарауынсыз жүрмеуге, қыдырмауға;
  6. Жол ережесін үнемі сақтауға;
  7. Оқулықтар, дәптерлер және басқа оқу-құралдарын толық әкелуге;
  8. Колледж формасын сақтауға; ( ақ немесе көгілдір түсті кофта, қара немесе тоқ көк түсті юбка немесе шалбар, ақ халат және медициналық қалпақ)
  9. Колледж ғимаратында ұялы телефоннан пайдаланбауға;
  10. Колледж мүлкін сақтауға, колледж мүлкіне зиян келтірген жағдайда оны өз қалпына келтіріп беруге;
  11. Колледждің жоғарыда айтылған барлық ережесін толы сақтауға және бұлжытпай орындауға;

Міндетті.

 

Емтихандар және сынақтар  жіберу туралы  жалпы колледжішілік ережесі

 

  1. Сынақтар мен емтихандарға төмендегі студенттер жіберілмейді:
  • Оқу үрдісін меңгермегені және тәртібіне байланысты оқудан шығарылған студенттер;
  • Сынақтар мен емтихандарға төлемақыны қажетті мөлшерін (І жарты жылдықтағы сессияға дейін жалпы төлемақы құнының 50 % ын, ІІ жарты жылдықта 100% ын) төлемеген студенттер;
  • Пәндер бойынша қорытынды баға қорытылмаған студенттер;
  • Себепсіз сабақ қалдырған студенттер (себепсіз қалдырылған әр  сабаққа 250 т. мөлшерінде)  сабақ қалдырған күніне белгіленген мөлшердегі айыппұлды кассаға төлемеген жағдайда; (Сабақ қалдырылған күндеріне денсаулығы туралы анықтама және сабақтан босату туралы колледж әкімшілігі атына жазылған өтініш  болған жағдайда ақша төленбейді).
  • Колледждің бітіруші студенттері оқу жылының 1 желтоқсанына дейін 100 % төлем ақысын төлеуі қажет.

 

Ескерту:

  • Оқу жылының басында 30 % төлем ақысы төленген студенттерге колледжде оқитындығы туралы  анықтама беріледі.
  • Оқу үрдісін меңгермегендігі және колледждің ішкі тәртіп-ережесін бұзғаны үшін оқудан шығарылған студенттер қайта  студенттер қатарына қабылдануы үшін  (оқу үрдісін меңгермегендігі үшін 15000 теңге,  колледждің ішкі тәртіп-ережесін бұзғаны үшін 20000 тенге)   жоғарыда белгіленген көлемде айыппұл төлеген жағдайда қайта оқуға қабылданады;
  • Себепсіз қалдырылған әр сабаққа 250 тенге көлемінде айыппұл төленеді.
  • Емтихандар, сараланған сынақ, сынақ қорытындыны  және өндірістік іс-тәжірибені  бірінші ретте және уақытылы  тапсыра алмаған студенттер келесі емтихандар мен сараланған сынақ және  сынақтарды тапсыру үшін төменде белгіленген көлемді айыппұл төлеу арқылы қайта тапсыра алады:

- Емтихан, сараланған сынақ және өндірісті іс- тәжірибе  -1500 тенге;

- Сынақ пен қорытынды -1000 тенге;

  • Сабаққа себепсіз 10 минут және одан артық уақытқа кешіккен студенттер  және сабақта белгіленген міндетті формасы (ақ медициналық халат және медициналық қалпақ) жоқ болған студенттер  сабақта  жоқ болып саналады;
  • Студенттер себепсіз 36 сағат сабақ қалдырған жағдайда  колледж әкімшілігінің арнайы бұйрығымен оқудан шығарылады.
  • Аралық аттестаттау нәтижелері  бойынша  үшеуден артық  қанағаттанарлықсыз деген  баға алған білім алушылар  педагогикалық кеңестің  шешімі бойынша, техникалық және кәсіптік,  орта білімнен кейінгі  білім беру ұйымы  басшысының бұйрығымен  оған белгіленген үлгіде анықтама беріліп,  білім беру ұйымынан шығарылады.
  • Колледж аумағында темекі шегуге, пісте шағуға, ластауға тыйым салынады. Осындай жағдай орын алғанда 5000 тенге айып пұл салынады.
  • Сабақ уақытысында ұялы телефоннан пайдаланған жағдайда 5000 тенге айып пұл салынады.